Футбол • 12 Желтоқсан, 2023

Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы Самат Смақовты техникалық директор етіп тағайындады. Клуб аяқдоп шеберінің мол тәжірибесіне сүйеніп, «Астананың» техникалық ахуалы одан әрі түзеледі деп сенім артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самат Смақов жаңа қызметке тағайындалды

«Елордалық клубтың Техникалық директоры қызметіне отандық маман Самат Смақов тағайындалды.

Самат Смақов аяқдопшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, танымалдыққа ие болды, кейін «Ақтөбе» футбол клубында Бас директор қызметін атқарып, «Елімай» командасын бас бапкері ретінде Премьер-лигаға шығарды.

Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында, алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді.

Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады», деп түсіндірілген футбол клубының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.