Фото: bladi.net
Жобаны 3 кезеңге бөліп іске асыру ұсынылып отыр. Алғашқы кезеңде, 2024-2025 жылдары 3,5 мың шақырым су арнасы жаңартылады. Бұл жыл сайынғы су шығынын 0,5 текше шақырымға дейін азайтуға мүмкіндік бермек.
Қазіргі уақытта еліміздегі суару жүйесінің жалпы ұзындығы 35 мың шақырымнан асады. Оның 20,6 мың шақырымы республикалық меншікте. 14,7 мың шақырымы коммуналдық және 0,5 мың шақырымы жекеменшікте.
Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстарын 3,7 текше шақырымға дейін ұлғайтуды және суармалы жерлерді 2,2 миллион гектарға дейін арттыруды көздейтінін айта келе ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов: «Бұл сонымен қатар жыл сайынғы суаруға арналған судың жоғалуын азайтып, 2030 жылға қарай оның көлемін 3 текше шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», деді.