Жануарлар • 13 Желтоқсан, 2023

Елімізде қар барысының саны азайып барады

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда небәрі 99 ілбіс бар екені белгілі болды. Бұл соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде қар барысының саны азайып барады

Фото: ашық дереккөз

«Бұдан бес жыл бұрын республикадағы қар барысының саны 223 болатын. Қар барысы мекендейтін аймақтардың көпшілігі - шекаралас аумақтар. Жыртқыштар Қытайға, Қырғызстан мен Ресейге ауып кетуі мүмкін», делінген Energyprom зерттеуінде. 

Сарапшылар атап өткендей, аяқ жете бермейтін тау шатқалдарында мекендейтін барыстарды есептеу қиын болғандықтан, олар адамзат қолынан жойылып жатыр деп айтуға да болмайды. Өйткені аталған аң санының азаюына басқа себептер әсер етуі мүмкін.

Қар барысы үшін негізгі қиындық олардың мекендеу ортасына адамның антропогендік әсері болып қала бермек. Біріншіден, Алматы облысындағы таулы аймақтардың игерілуі, екіншіден, ол жерлердегі тұрақсыз туризмнің дамуы кері ықпал етіп отыр.

«Популяцияның азаюына тағы бір фактор - барыстардың қорек көзі саналатын тау ешкілерін заңсыз аулау себп болуы мүмкін. Төртінші әсер ету факторы да адам әрекетіне байланысты. Барыстар мекен ететін ортаға іргелес орналасқан ауылшаруашылық жануарлары жайылып, жабайы аша тұяқтыларды ығыстырып шығара бастағанда, олардың таралу аймағы өзгереді», дейді сарапшылар.

WWF Орталық Азия бағдарламасына сәйкес, Қазақстан үлесіне ілбіс популяциясының небәрі 3%-ы ғана тиесілі.