Фото: ашық дереккөз
Lada.kz басылымы хабарлағандай, қыздың анасы полицияға арызданған. Оның айтуынша, балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерген. Қыздың анасы баланың денесінде де көгерген іздер байқалғанын айтты.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, 30 жастағы тәрбиеші тергелді. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», деп түсіндірді полиция қызметкерлері.