Саясат • 14 Желтоқсан, 2023

Энергетика саласындағы әріптестік

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Doosan Enerbility» компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті.

Энергетика саласындағы әріптестік

Кездесу барысында Янг мырза «Doosan Enerbility» компаниясының энергетика саласындағы ынтымақ­тас­тықты одан әрі дамыту бойынша ұсы­ныс­тарымен таныстырды. Атап айтқанда, елімізде генераторларды, кәдеге жарату қазан­дықтарын, жел турбиналарын құрастыру бойынша өндірістер, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша құзырет орталығын құру туралы сөз болып отыр.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық әріптестер болып табылатынын және «Doosan Enterbility» инвестициялық ұсы­ныстары халықаралық ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бұдан да үлкен ынталандыру беретінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.