Фото: gov.kz
Мұндай мемлекеттік жәрдемақы кімдерге беріледі? 4 және одан да көп баласы бар, әрі олар кәмелеттік жасқа толмаған, толған күнің өзінде 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын студент болса, алады. Отбасының табысына қарамай беріледі. Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай есептеліп аударылады. Мысалы 4 баласы бар отбасыға 16,03 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Сомасы – 55 304 теңге. Бес балаға – 69 138 теңге, алты балаға – 82 973 теңге, 7 балаға 96 807 теңге, сегіз баладан жоғары әр балаға 13 800 теңгеден беріледі. Сонда он балалы отбасыға 138 000 теңге беріледі. Ал он екі баласы бар шаңыраққа төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 165 600 теңге болды.
Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында беріледі. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 8,5%-ға артқан.