Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023

«Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары анықталды

73 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Астанада Қарулы күштердің 2023 жылғы үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайынғы «Әскер тарланы» байқауы әскери қызметшілерді жаңа кәсіби биіктерді игеруге ынталандыруға ықпал етіп келеді. Мамандарды іріктеу 24 номинация бойынша жүргізілгенін атап өту керек. Байқау жеңімпаздарын Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әскер тарланы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Фото: Қорғаныс министрлігі

– 2023 жылы Қарулы күштер Жоғарғы Бас қолбасшысының қатысуымен бірқатар іс-шара өтті. Бұл – бүкілармиялық кеңес, «Батыл тойтарыс» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы, «Бекет» ведомствоаралық тактикалық оқу-жаттығуы. Онда біздің әскери қызметшілеріміз кәсібилігін толық көлемде көрсете алды. Бүгін біз құзыреттілігі, жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері мен дене шынықтыру жағынан үздік көрінгендерге құрмет көрсетіп отырмыз, – деді ол. 

Өз міндеттерін мінсіз орындауымен ерекшеленген «Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысы басқармасы штабының офицері подполковник Вячеслав Анфиногенов үздік жедел кезекші атағын иеленді. 

27943 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант Алматы Сүлеймен жауынгерлік машинаның үздік командирі атанды. Ол командалық дағдылары мен техниканы шебер меңгеруімен ерекшеленді. 

Гаубицадан атудағы дәл соққылары үшін 82796 әскери бөлімінің нұсқаушысы аға сержант Айдар Қалденов артиллериялық есептоптың үздік командирі деп танылды.

31775 әскери бөлімінің технигі 3-сыныпты сержант Дастан Жақыпов жаяу әскер жауынгерлік машинасының үздік механик-жүргізушісі атанды. Дастан Жақыповтың «Астана» ӨңҚ тактикалық оқу-жаттығуларындағы шеберлігінің арқасында рота жоғары нәтиже көрсетті.

41433 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Мирас Мыңбаев оқу-жаттығуларда қаруды жақсы меңгергенін дәлелдеп, үздік мерген атағын иеленді. Абай облысының орман алқабында болған өртті сөндіруге белсенді қатысқан 54835 әскери бөлімінің авиациялық буын командирі капитан Дәурен Жармақов кәсіби шеберлігі мен батылдығы үшін үздік ұшқыш атанды.

Еліміздің әуе шебін қорғауды ұйымдастыруда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 31767 әскери бөлімі жеке радиолокациялық ротасының командирі капитан Өркен Махамбетов Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің үздік маманы болды. 

Халықаралық армия ойындарының «Теңіз кубогі» байқауында бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған әрі өзіне сеніп тапсырылған экипажды шебер басқарғаны үшін 21814 әскери бөлімі «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемесінің командирі 3 дәрежелі капитан Руслан Яхьяров өз номинациясы бойынша үздік атанды. 

Сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметін ұйымдастыруда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген 48386 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант Ерзат Ахмади әскери барлаудың үздігі болып танылды. 

л

Қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 29219 әскери бөлімі Жанар-жағармай қызметінің сержанты аға сержант Айдос Темірхан материалдық-техникалық қамтамасыз етудің үздік маманы атанды. Жоғары кәсібилігі мен адалдығы үшін 03811 әскери бөлімі медициналық взводының фельдшері 3-сыныпты сержант Анар Сүйімханова медициналық қызметтің үздік маманы деп танылды. Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінің құрамында сәтті қызмет еткен Бітімгерлік операциялар орталығы басқармасы жеке дайындық қызметінің аға офицері подполковник Ермек Төлесов жыл бітімгері атағын иеленді. 

03811 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Шерхан Балтабай сеніп тапсырылған бөлімшеде жоғары әскери тәртіп пен қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз еткені үшін үздік офицер-тәрбиеші атанды. Мақсатшылдық, еңбекқорлық және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушысы полковник Дидар Тұрсынбекова әскери оқу орнының үздік оқытушысы атанды. XIII бүкілармиялық байқауда үздік жетістік көрсеткен 74884 әскери бөлімінің отряд сержанты 2-сыныпты сержант Орынбек Сандыбеков жыл қорытындысы бойынша Қарулы күштердің үздік сержанты деп танылды.

«Батыл тойтарыс-2023» оқу-жаттығуында 16194 әскери бөлімі бөлімшесінің командирі сержант Жомарт Қалыбаевтың басшылығымен бөлімше жоғары нәтижелер көрсетті. Осылайша Жомарт Қалыбаев байланыс әскерлерінің үздік маманы атанды. 58012 әскери бөлімінің нұсқаушысы аға сержант Нұрсұлтан Бисімбайдың Арыстағы, Сарыкемердегі жарылыс салдарын жою және «Батыл тойтарыс-2023» оқу-жаттығуындағы міндеттерді орындау кезіндегі кәсіби маман ретіндегі жауапкершілігі оны ең үздік маман-сапер деп шешім қабылдауға бастама болды.

Анықтау және іздестіру бөлімінің жұмысын сапалы ұйымдастырғаны үшін Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы бастығының орынбасары әділет подполковнигі Қуаныш Жәкеев әскери полицияның үздік қызметкері атанды. РХБҚ әскерлерінің үздік маманы 25744 әскери бөлімі ротасының сержанты 3-сыныпты сержант Марғұлан Саудаев болды. Ол өзіне жүктелген міндеттерді кәсіби тұрғыда, асқан жауапкершілікпен орындап ерекшеленді.

о

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің заң басқармасының бастығы подполковник Рустам Смағұловтың жоғары кәсіби деңгейі бөлімшенің құқықтық қызметін сапалы қамтамасыз етуге негіз болды. Сөйтіп ол ең жақсы заңгер атанды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті мінсіз жүргізген Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқармасы қаржы және экономика басқармасының аға офицері майор Берік Кәркеновті үздік деп тануға мүмкіндік берді.

Әскери кадрлар арасында 30212 әскери бөлімі кадрлар бөлімінің бастығы капитан Саят Жолымбетов өз ісінің шебері атанды, ол бөлімшенің кадр жұмысын сапалы жаңа деңгейге көтерді. 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшісі прапорщик Анар Ауқажиеваның отбасы ең мықты әрі татулығы мол көпұлтты отбасы деп танылды. Ерлі-зайыптылар төрт бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Олардың үлкені – Санкт-Петербургтегі А. Можайский атындағы Әскери-ғарыш академиясының курсанты. 85395 әскери бөлімі мергендер взводының командирі 3-сыныпты сержант Евгений Намның жетістіктері оның үздік жауынгер-спортшы ретінде танылуына негіз болды. 2023 жылы Астанада өткен Tartyl Fest турнирінде белтемірге тартылып, Қазақстан чемпионы атанды, ал әскери көпсайыстан Қарулы Күштердің біріншілігінде белтемірге 152 рет тартылып, рекорд жасады.

Өз ісінің тарландары министрдің атынан дипломдармен, атаулы мүсіншелермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.