Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

Қыстың көзі қырауда құлпынай өсірген шаруа

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Ордабасылық шаруа жыл он екі ай құлпынай өсіріп отыр. Қыстың көзі қырауда да егін мен жиын-терімді тоқтатпайтын Мұхтар Әлеуханов қыста нарыққа шыққан көкөніс, жемістер «дәріленген» деген түсініктен арылатын кез жетті дейді. Себебі шаруа облыстағы жылыжай иелері кез келген жемісті қыста да өсіруге дағдыланғанын айтты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қыстың көзі қырауда құлпынай өсірген шаруа

Мұхтар Әлеуханов - «Нұр-Айша» шаруа қожалығындағы шаруасын 2016 жылы бастаған. Алғашында қызанақ, қияр егетін ол, істің қыр-сырын жетік меңгергеннен кейін құлпынай өсіруді де қолға алған. 

Шаруа құлпынайдың қыста өсуге бейім, суыққа төзімді «Alba» сортын егеді.

«Бұл өнімге тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Әсіресе мереке қарсаңында кондитер өнімін өндіретіндер тарапынан тапсырыс көп. Осыдан 10-15 жыл бұрын қыс мезгілінде піскен қызанақ пен қиярдың бағасы қымбат болатын. Әрі оларды көп еге алмаушы еді. Өйткені, тұтынушылар «тек дәрімен піскен» деп сатып ала бермейтін. Қазір кез келген көкөністі дәрісіз-ақ өсіруге болатынын білеміз. Сондықтан сақылдаған сары аязда да көкөніс жеп отыратындар бар», дейді ол.

Жылыжайда 20 адамды жұмыспен қамтып отырған Мұхтар Әлеуханов қыс айларында 1,5 гектар жерден 50-60 тонна құлпынай өнімін алуды жоспарлап отыр.

аа