Аталған мектептерде тәуелсіздік мерекесін ұлықтаумен қатар, мектеп оқушыларына ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында осындай игі іс-шара ұйымдастырылған.
Биыл күйшілер шеруіне мектептің «Қос перне» домбырашылар ансамблінен құралған 120 күйші қатысты. Жас домбырашылар халық күйлерінен попурри, «Торжорға», «Ерке сылқым» секілді күйлерді орындап, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
– Халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықты ұлықтауға тәрбиелеудегі бұл іс-шараның маңызы зор екендігін айтқым келеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қосымша білім беруді дамытудың 2030 жылға дейінгі концепциясы негізінде 7-сыныптар үшін домбыра сабағы міндетті түрде өткізіледі, – деді мектеп директоры Ринат Нұрланұлы.
Халқымыздың ұлы мұраларының иесі – жастар, олар қастерлеген құндылықтары мәңгі жасай бермек.
Маңғыстау облысы