Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2023

Қостанай облысында қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған сәбидің денесі табылды

1577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Рудный қаласында жан түршігерлік қылмыс орын алды. Қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған сәбидің денесі табылды

«Голос народа» басылымының жазуынша, аймақтағы полиция департаменті 17 желтоқсан күні сағат 12.00 шамасында Рудный қаласында Корчагина көшесінде орналасқан үйлердің бірінің жанынан қоқыс контейнерінен (полиэтилен пакетте) жаңа туған нәрестенің денесі табылғанын мәлімдеді.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Осы қылмыстың куәгері болса, полицияға 52-60-22, 52-59-25 телефондары арқылы немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз.