olympic.kz
Астанада Велоспорт федерациясының ұйымдастыруымен өткен форумда спортшылардың биылғы жетістігі сараланып, келер жылдың жоспары айқындалды. Құрлық чемпионаты 5-12 маусым аралығында өтетін болды.
Бәсекелестікті нығайтып, санға емес, сапаға басымдық беру мақсатында федерация басшылығы келесі жылы спорттық шараларды қысқартуды қолға алатынын айтты. Маңызы төмен сайыс ұйымдастыру қаржыны желге ұшырудан басқа пайда әкелмейтіндіктен осындай қадам жасалмақ.