Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023

Алматыда жер сілкінісі болды

1034 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тұрғындары бүгін таңда жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда жер сілкінісі болды

Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсан күні сағат 07:44-те Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Ешқандай қираған жағдай байқалған жоқ, ахуал тұрақты. «112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түспеген. 

Сондай-ақ «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі ақпарат таратты. Онда: «Зілзала ошағы Алматы қаласынан 347 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстікке қарай Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12.6 MPV, магнитудасы – 6.0. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Алматыда 2 балл қуатымен сезілді», делінген.