Қоғам • 19 Желтоқсан, 2023

Қаңтарда ел азаматтары қанша күн демалады?

1346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан халқы 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаңтарда ел азаматтары қанша күн демалады?

Фото: ашық дереккөз

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Содан кейін 3, 4, 5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбіге түскендіктен, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.