Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023

АҚШ-тағы Азия аруы

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұхиттың арғы жаға­лауындағы елдерге білім із­­деп барып, жұмыс істеп жүр­ген қазақ жастары аз емес. Шетелде елдің абы­ройын асырғандар ішінде аты­раулық Әсел Көп­ті­леуова да бар. Оның АҚШ-қа бар­­ғанына 20 жылға жуық­таған.

АҚШ-тағы Азия аруы

Оның айтуынша, 14 жыл Нью-Йорк қаласының тұрғыны болған. Екі жылдан бері Лос-Анджелес шаһарында тұрады. Кәсібін кинематографиямен байланыстырып жүр. Жақында ол «Miss Asia USA» байқауында бақ сынады.

«Бұл байқау АҚШ-та 35 жылдан өтіп келеді. Кино түсірудің қыр-сырын зерттеп жүрмін. Театрда жұмыс істеймін. Кино­фестивальдің бірінде мені атал­ған байқауға қатысуға ша­қыр­ды. Биыл байқауға қатысу үшін шығынның бәрін өзім көтердім. Ұстазым Айнұр Аман­гел­ді­қы­зы мен құрбым Әсел Аб­драх­­ма­нованың зор қол­дауын се­зіндім», дейді Әсел Көп­тілеуова.

АҚШ-тағы сұлулар бай­қауы­ның қазылар алқасы Әсел Көптілеуованың сахна мәде­ниетін меңгергеніне, өнеріне тәнті болған. Үміткерлердің арасынан оны «Miss Asia USA» аталымына лайық деп тапты.

 

Атырау облысы