Спорт • 21 Желтоқсан, 2023

Әлем чемпионаты - 2024: Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің үздігі атанды

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан құрамасы А тобында сынға түсті. Іріктеу кезеңінің 6 ойынын да жеңілмеген ұлттық құрама 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің қорытындысында Еуропадағы үздік команда деп танылды, деп жазады Egemen.kz.

Әлем чемпионаты - 2024: Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің үздігі атанды

20 желтоқсан күні ел құрамасы Румыниямен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Футзалдан Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңдерінде жеңілмеген жалғыз команда болды. Бұл ойында Шыңғыс Есенаманов 8, Біржан Оразов 26-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тапты. 

Бұған Рикардо Кака шәкірттері Румынияны 4:3, екі мәрте Нидерландты 2:0, 2:0, Әзербайжанды 4:2, 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Алты турдан кейін 18 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде көш бастады. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жолдамасына бір тур бұрын қол жеткізді. Футзалдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бұл көрсеткішті басқа ешбір команда қайталай алмады. Екінші сатыда үздік қорытындыны 16 ұпай, 5 жеңіс, 1 тең нәтижемен Испания, Франция құрамасы көрсетті.