Спорт • 21 Желтоқсан, 2023

Азиаданың күміс медалін олжалаған спортшыға Астанадан пәтер берілді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жыл сайынғы «Астана» спорт форумы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азиаданың күміс медалін олжалаған спортшыға Астанадан пәтер берілді

Іс-шарада Ханчжоудағы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дувановаға пәтер кілті табысталды.

Елорда әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ ұйымдастырған іс-шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

«Әкімдік пен Спортшылар одағы осы іс-шараны бірлесіп өткізу туралы шешім қабылдады. Елордада спорт саласы дамып келеді. Бұл біз үшін ерекше маңызға ие. Спорт адамдарды ғана емес, елдерді де біріктіреді. Спорттың күші міне осы», деді іс-шара барысында Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.