Заң • 21 Желтоқсан, 2023

Президент зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қолдау туралы заңға қол қойды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қолдау туралы заңға қол қойды

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Ақорда хабарламасында.

Құжат қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ету барысында зиянды жұмыс атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң еңбек ету кезінде зиянды жұмыс атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыруды, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеудің жаңа әдістемесін енгізуді және қызметкерлердің жұмысындағы міндетін орындау кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыру мониторингін қамтамасыз етуді көздейді.

Дәлірек айтқанда, заңның қабылдануы қоғамдық бірлестіктерде ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіруге және жұмыс жағдайында зиянды істерді атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғауға ықпал ететін болады.