Фото: ашық дереккөз
Ол киіктер Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміндегі «жойылып кету қаупі төнген жануарлар» санатынан «жойылу қаупі аз» санатына ауысқанын айтқан.
«Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай Қазақстандағы ақбөкен популяциясының сақталуын көрсетеді. 2005 жылы олардың саны небәрі 48 000 болды, ал қазір 1,9 миллионнан асты. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат бөлген Қазақстан Үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізілген табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табыстың мысалы», деп жазды актер Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Экология министрлігі қазақ даласында киіктің қайта көбеюіне байланысты олардың «жойылу қаупі аз жануарлар» санатына көшірілгенін жариялаған болатын.