Жануарлар • 25 Желтоқсан, 2023

Қызыл кітапқа енген арқарды атқан азамат жауапқа тартылды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

39 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны Қызыл кітапқа енген арқарды атып, мемлекетке 14 млн теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызыл кітапқа енген арқарды атқан азамат жауапқа тартылды

Фото: Салтөре Сапарбаев

Сот отырысында анықталғандай ер азамат өзіне тиесілі қойларын жоғалтып алып, іздеу барысында арқар жануарын кездестіріп, оны заңсыз атып алып, етін үйіне апарған.

Сот 39 жастағы азаматты кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің (Заңсыз аңшылық) бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектеліп, сонымен қатар қосымша жаза ретінде 3 жыл бойы аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, жергілікті атқарушы органдары айқындайтын орындарында жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек жұмыстарына тартылды.

Қазіргі таңда сотталған азамат Аягөз аудандық пробация қызметінің есебінде жазасын өтеп жатыр, тұрақты жұмысқа орналастырылып, шаруа қожалығында қызмет жасайды, мемлекетке келтірген шығынды төлеп жатыр.