Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

Мұз ойылып кеткен. Өзенге батқан екі адам құтқарылды

161 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында полицейлер мұз  ойылып, өзенге батып кеткен екі адамды құтқарып қалды, деп  хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Мұз ойылып кеткен. Өзенге батқан екі адам құтқарылды

Фото: polisia.kz

«25 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде белгісіз әйел адам мұз ойылып, суға түсіп кеткені жөнінде аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне хабар берген. Аудандық полиция бөлімінен саптық жиыннан тарап келе жатқан полиция қызметкерлері тез арада оқиға орнына аттанады. Аталған хабарламаны естіген тәрбие және кадр бөлімшесінің инспекторы Роман Насихан да уақыт өткізбей жеке автокөлігімен келеді. Ол автокөліктен арқан жіп алып мұз үстімен жүргенде әйел адамды құтқаруға ұмтылған ер адамның да мұз ойығына түсіп кеткенін көрген. Сол сәтте көмекке патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері Артур Каримов, Нұрхат Зұлқаров, Әділбек Темірболат, Жандос Ибатуллаев, Амандық Айдыналиев және учаскелік полиция инспекторы Дархан Аманғалиев көмекке келіп, суға кеткен әйел адам мен оны құтқаруға оқталып өзі де ойылған мұз құрсауында қалған ер адамды құтқарып қалған. Жұқа мұз үстіне бір уақытта 10-ға жуық адам шыққан сәтте мұз ойығы одан әрі үлкейген. Алайда адам өміріне араша болар сәтте аязды күнде мұзды суға қарамастан оқыс оқиғаға куә болып, бейжай қарамаған 1996 жылы туған азамат пен полиция қызметкерлері 1959 жылы туған әйел адамды жағаға шығарды», делінген ақпаратта.

Өзенге батып кеткен адамдарды құтқарған полицейлер жедел жәрдемді күтпестен өз көліктерімен ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге табыстады.