Фото: polisia.kz
Павлодарлық әйел 50-ден аса адамнан екі жылдың ішінде 400 миллион теңге сомасындағы қаражатты жымқырып, Ресейге қашып кеткен. Кәсіпкерлікті өрістетіп, қарттарға арналған ақылы пансионат ашу мақсатынде қыруар қаржыны алғаны анықталды. Күдікті Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталып, осы қаланың тергеу изоляторына қамалды.
Павлодарлық жедел уәкілдер биылдың өзінде іздеу жарияланған 155 қылмыскерді тапты.