Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Қазіргі таңда шағым қаралып жатыр.
Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, сонымен қатар қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды.
Уәлихан Бишімбаевтың айтуынша, қоғамдық пікірді бұрмалау оның ұлының ісіне қажетті тергеу шаралары мен сараптамалар жүргізілмей, одан да ауыр айыпқа ауыстырылуына әсер етті. Бұрынғы министрдің жанұясы Салтанат Нүкенованың отбасы сараптама мен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына араласып, қысым көрсетіп отыр деп есептейді.