Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023

Халық Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Alash»  сайтында Қазақстан азаматтары Алматы облысының жастар саясаты басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Мәди Ахметовті қызметінен босатуды талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық Мәди Ахметовтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялады

Үндеу авторы мұндай талап қоюдың нақты негізін көрсетпеді. Оның орнына ол өз өмірбаянынан әр уақытта Қазақстан азаматтары тарапынан бірдей жағымсыз реакция тудырған фактілердің барлығын тізіп берді.

Мәди Ахметов туралы республикалық деңгейде алғаш рет 2019 жылы сөз қозғалды.

«Ол «қазақ жастарының атынан» Алматыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынды. Назарбаевтың өзі ескерткіштен бас тартты. Кейін Мәди Ахметов президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды», деп жазды петиция авторы.

Екі сағаттың ішінде Мәди Ахметовті отставкаға жіберу туралы өтінішке 84 адам қол қойды.

Айта кетейік, Мәди Ахметов Алматы облысы әкімінің өкімімен аталған облыстың жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы болып тағайындалған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35