Спорт • 27 Желтоқсан, 2023

Бас бапкер Серік Сәпиевтің қалай Олимпиада чемпионы болғанын жеткізді

5741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Qazaq ring ютуб арнасындағы сұхбатта бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов спорттағы төрешілердің қысастығы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бас бапкер Серік Сәпиевтің қалай Олимпиада чемпионы болғанын жеткізді

Фото: bassport.kz

Биылғы жылы еліміздің спортшылары төрт жылда бір мәрте өтетін жазғы Азия ойындарына қатысты. Бірақ боксшыларға алтын медаль бұйырған жоқ. Кей салмақ дәрежесінде төрешілердің бұра тартып, спортшыларымызды қарсыласына жығып беруі қоғамда қызу талқыланды.

«Мұндай қысымның талайын өткердік, әлі де кезігеді. Тек бұған шыдаған, қасқайып қарсы тұрғандар ғана дегеніне жетеді. Мысалы Серік Сәпиев. 2006 жылы Қатар елінің бас қаласы Дохада өткен жазғы Азия ойындарында Серік жеңілген жоқ, төрешілер қарсыласына көпе-көрнеу жығып берді. 2008 жылы Бейжің жазғы Олимпиадасында да Сәпиевті төрешілер сүріндірді. Ол өзінің мінезі мен өлшеусіз еңбегінің арқасында мықтылығын күллі әлемге дәлелдеп, 2012 жылы Лондон жазғы Олимпиадасында чемпион атанды. Сондықтан да сынаққа сынып кетпеу керек», деді ұлттық құраманың  бас бапкері.

М.Айтжанов жеңілістің бәрін төрешілерге жаба беруге де болмайтынын, шын мықтыға тұсау жоқ екенін айқындау үшін ұлттық құрама боксшыларын барынша күш салып баптайтынын айтты.