Сұхбат соңында тілші Президенттің кеңесшісінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылды қайда, қалай қарсы алатынын сұрады.
«Мемлекет басшысы өзінің туған күнін де атап өтпейтінін білесіздер. Биыл мерейлі жасы болса да, Қытайда мемлекеттік сапармен жүрді. Ал жаңа жылды Қасым-Жомарт Кемелұлы да бәріміз сияқты өзінің үйінде, дастарқан басында әулетімен бірге қарсы алады», деп жауап берді Берік Уәли.