Фото: ашық дереккөз
Мамандардың айтуынша, ел аумағындағы ауа райына Атлант циклоны ықпал етеді. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға себеп болады. Оған қоса желтоқсан айының соңында бұрқасын, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болады.
Мәселен, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда екпіні 30 м/с және одан да көп болатын қатты жел соғады.
30 желтоқсанда түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз 3-13 градусқа дейін аздап төмендейді.