Елорда • 27 Желтоқсан, 2023

Астана жолдарын тазартуға 2,3 мыңнан астам қызметкер шықты

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан айының соңғы күндері жауын-шашынға мол болғандықтан елорданың мемлекеттік қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. 27 желтоқсан күні таңертеңнен бері 2,3 мыңнан астам жұмысшы мен 1600-ге жуық арнайы техника қала көшелерін қар мен мұздан тазартып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана жолдарын тазартуға 2,3 мыңнан астам қызметкер шықты

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Айта кетсек, өткен түні елорда көшелерінен 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Ол үшін ауыр жүк көліктері қар үйінділеріне 1200-ден астам рейс жасады.

Жалпы, қыс маусымы басталғалы бері қаладан 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 48 мың жүк көлігіне артылатын жүк көлеміне тең.

Жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі.

Сондай-ақ тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін қала бойынша жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы жүйелі түрде себіліп жатқанын да айта кету керек.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10