Спорт • 28 Желтоқсан, 2023

Үздіктер Шымкентте анықталды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында еліміздің ең мық­ты үстел теннисшілері арасында ұйым­дастырылған ТОП-12 турнирі өз мәресіне жетті.

Үздіктер Шымкентте анықталды

Бірден айта кетейік, Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Зәуреш Ақашева сынды халықаралық додаларда ел намысын қорғап жүрген сақа спортшылар бұл бәсекеден босатылды. Бірақ одан жарыстың қызығы еш кеміп қалған жоқ. Керісінше, өзге спортшылар өздерінің мықтылығын дәлелдеу үшін барын салып, турнирдің көрігін қыздырды. Әсіресе жалынды жастардың жеңіске деген құлшынысы қуантты. Нәтижесінде, ерлер арасында Айдос Кенжеғұлов қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. Екінші орынды Ескендір Харки еншілесе, Владислав Захаров үшінші сатыға табан тіреді.

Ал қыздар сайысында Жанерке Көш­кімбаева алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Анастасия Лаврова күміспен күптелсе, Сарвиноз Мірқадырова қолаға қол созды.