Теннис • 28 Желтоқсан, 2023

Мельбурнге мықтылар барады

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-28 қаңтар аралығында Мельбурнде Аустралияның ашық біріншілігі өтеді. «Үлкен дулыға» санатындағы жарыста Қазақстанның теннисшілері де өнер көрсетеді.

Мельбурнге мықтылар барады

Аталған турнирдің жекелеген сайысында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик бақ сынайды. Олардың бар­лығы да ТОП-100 ойыншы санатында. Мәселен, Рыбакина әлемдік рейтингте төртінші орында тұрса, Путинцева 66-сатыға жайғасты. Ерлер арасындағы ең үздік тен­нисшіміз Бублик 32-орынды иеленді. Жұптық бәсекеде Анна Данилина мен Александр Недовесов өнер көрсетеді. Ал уақыт озған сайын нәтижелері жақсарып келе жатқан Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев іріктеу турниріне қатысады. Сол сынақтан іркілмей өткен жағдайда олар мықтылармен күш сынасу құқығына ие болады.

Дәл сол Мельбурнде жасөспірімдер арасында да дәстүрлі дода ұйымдастырылады. Бұл жарыста Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекованың өнерін тамашалаймыз. Ал Даниал Рахматуллаев пен Виталий Зацепин іріктеу сайысына қатысады.