Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023

«НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«НеМолчи.kz» зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

«НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

Қазақстан ішкі істер министрлігінің бастамасымен Дина Таңсәріге іздеу жарияланды. Іздеуге байланысты іс Шығыс Қазақстан облысында 27 желтоқсанда тіркелген. 

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

«2023 жылдың 6 қазанында Өскемен қаласы Ертіс аудандық полиция басқармасы Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», делінген хабарламада.

«НемолчиKZ» қоғамдық қоры елде болып жатқан тұрыстық зорлық-зомбылық мәселелерін көтеріп, зардап шеккен адамдарға құқықтық және материалдық көмек көрсетумен айналысады.