Сенат • 28 Желтоқсан, 2023

Сенатқа дайындықсыз келуге болмайды – М.Әшімбаев

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Палата  Төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-министрге ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатқа дайындықсыз келуге болмайды – М.Әшімбаев

Фото: senate_kz

Сенат отырысында депутат Советбек Медебаев дивидендтер төлеу мәселесін көтеріп, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевқа сұрақ қойды. Сенатор өз сауалында дивиденттерді өлшеу және есептеу үшін қандай тетіктер қолданылатынын нақтылаған еді. Дегенмен, Қ. Төребаев бұл мәселе өз министрлігінің құзырына жатпайтынын айтып, жауапты жазбаша түрде беретінін жеткізді.

Алайда, Палата Төрағасы вице-министрдің жұмысқа мұндай салғырт болмау керегін ескертіп, Сенат отырыстарына дайындықсыз келуге болмайтынын айтты.

«Сенатор салыққа ғана емес, дивидендтерге де қатысты сұрақ қойды. Сондықтан алдағы уақытта осындай кездесулерге дайындалып келіңіздер. Бұған дейін сұрақ қойған Алишер Сатвалдиевтің сауалына  да жазбаша жауап беремін дедіңіз. Енді осы мәселенің де өз министрлігіңізге еш қатысы жоқ екенін айтып отырсыз. Сіз бүгінгі отырысқа Үкіметтен бас спикер ретінде шақырылдыңыз. Сондықтан әріптестеріңізбен мәселелерді алдын-ала талқылап, цифрларды талдап, тыңғылықты дайындалып келуіңіз керек еді», деді Мәулен Әшімбаев.