Фото: Ашық дереккөз
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге полиция департаменті патрульдік полиция батальонының барлық ауысымдары ғана емес, тіпті бұл бөліністің басшылығы да жұмылдырылды. «Астана – Петропавл» автожолының Тайынша ауданы арқылы өтетін учаскесінде ауыр жүк көліктері қатты жел мен көктайғақтың салдарынан дөңес учаскелерге көтеріле алмай, 27 желтоқсанның таңында бұл жерде 80-ге жуық фура жиналып қалды.
Мамлют ауданында Қостанай қаласынан Петропавл қаласына ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін әкеле жатқан «Volvo» фурасының тіркемесі жолдан шығып кетті. Тіркемені шығарып алу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағында бір түнде барлығы 7 автокөлік осындай жағдайға тап болды, олардың барлығы шығарып алынды.
Жабық жолдарда барлығы 159 жүк және 132 жеңіл көлік тұрып қалды. Полицейлер, мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері 240-тан астам адамды қар құрсауынан босатты. Олардың біразы жылыту орындарына жеткізді. Қол созым жер көрінбейтін қарлы боранда полицейлер елді мекендерге 30-40 машинадан құралған 7 автокөліктер легін жеткізді. Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындағы білім беру мекемелерінің біріне тамақтанып, жылыну үшін 80-нен астам адам орналастырды. Олардың қатарында Ресейден Тәжікстанға транзит арқылы бара жатқан автобустың 70 жолаушысы да болды, оның 17-сі балалар.
Қазіргі уақытта өңірде ауа-райы тұрақталып келеді, жолдар қар үйінділерінен тазартылғаннан кейін көлік қозғалысын жандандыру жоспарланып отыр.