Теннис • 29 Желтоқсан, 2023

Жерлестеріміз – жеңімпаз

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа теннис қауымдастығы (Tennis Europe Tour) биылдың қорытындысы бойынша өзге құрлық өкілдері арасынан үздіктерді анықтады.

Жерлестеріміз – жеңімпаз

Дарынды жастар аталымы бойынша Қазақстанның қос өрені – Ева Корышева мен Даниэл Тазабеков жеңімпаз деп танылды. Олардың екеуі де өз қатарластары арасындағы жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүр.14 жастағы Ева биыл Түркия мен Бельгияда топ жарып, Tennis Europe рейтингінде 18-орынға табан тіреді. Жұптық сайыста ол екі рет бас жүлдені олжалады. Ал 16 жастағы Даниэл аталған турнирлер сериясында жеті мәрте бақ сынап, жақсы нәтиже көрсетті. Нәтижесінде, үздіктер тізімінде 20-сатыға жайғасты. Сондай-ақ қандасымыз биыл Испания мен Италияда өткен жұптық бәсекелерде алдына жан салмады.

Жалпы, Қазақстанның жас теннисшілері бұған дейін де Еуропа теннис қауымдастығының рейтингінде бірнеше рет көш бастағанын айта кеткен абзал. Мәселен, 2021 жылы Зара Дәркен дара шықса, былтыр Заңғар Нұрланұлы теңдессіз деп танылды.