Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы Заңымен 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілді, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
Айлық есептік көрсеткіш – 3692 теңге;
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн күнкөрiс минимумы - 43 407 теңге.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 5 желтоқсанда «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға және өңірлерді дамытуға бағытталған.