Президент • 03 Қаңтар, 2024

Президент келесі сайлауға түсе ме?

2466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта президенттік сайлауға түспейтінін айтты, деп хабарлайды   Egemen.kz.

Президент келесі сайлауға түсе ме?

Фото: akorda.kz

Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында  Президент  Қ.Тоқаев қоғамда абың-күбің әңгіме тудырған қауесетке қатысты пікірін айтты. 2026 жылы өтетін президенттік сайлауға Мемлекет басшысының түсуі мүмкін екен деген сөзге қатысты жауап берді.  

«Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ.

Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген.

Ақыры осы тақырып қозғалған екен, бұған қатысты кейбір жайтқа кеңірек тоқталып, мән-жайын аша кетейін. Мен жетіжылдық бір ғана мерзім туралы идеяны осыдан 15 жыл бұрын жабық пікірталастарда айтып жүрдім. Сол кезде ұсыныс аса қолдау таба қоймады. Өзім Президент болып сайланғаннан кейін, осы бастамамның артықшылығы мен кемшілігін әбден салмақтап, оны қалай жүзеге асыруға болатыны жөнінде көп ойладым», деді Президент.

Былтыр Конституцияға өзгеріс енгізудегі негізгі мақсат суперпрезиденттікке тән өкілеттіктерді жою болғандықтан да  жетіжылдық бір мерзім идеясын өзі ұсынып, халық қолдау білдіргенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Өнеркәсіп қуатын арттыру міндеті

Экономика • Бүгін, 09:45

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Бүгін, 09:18

Көмірдің жылдағы жыры

Мәселе • Бүгін, 09:10

Халық тілегі қалыс қалмайды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Бүгін, 08:52

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:45

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Бүгін, 08:43