Фото: bateka_11
Жергілікті журналист өз жазбасында ыстамбұлдық клубта ойнайтын легионерлердің жалақысы тым қомақты екенін сөз еткен. Қаржыны көсіп алатындардың көшін камерундық футболшы Винсент Әбубәкір бастаған, ол 3 миллион еуро көлемінде жалақы алған. Жерлесіміз Бақтиер Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб басшылығымен 2027 жылға дейін келісімшарт жасасты. Жалақысы да тәуір – 1,2 миллион еуро тиеді. Өткен жылдың қараша айында Б.Зайнутдинов Түркия ішкі біріншілігінде жарақат алып, мұрны сынды.