Көрме • 03 Қаңтар, 2024

Түркиядағы қазақ аналары көрмесі

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада Түркия төрінде қазақтың абыз аналары мен дана әйелдері бейнеленген ауқымды фотокөрме ашылды. Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы мен «Sultan Magazine» қоғамдық-саяси және ақпараттық-танымдық журналы бір­лесіп ұйымдастырған «Ұлы дала әйелдері» атты фо­то­көрме қазақ даласының тарихынан сыр шертеді.

Түркиядағы қазақ аналары көрмесі

Түркия жұртшылы­ғы­ның назарына ұсынылған көрмеде ұлтымыздың өне­рі мен мәдениетіне, ру­­хани өмірі мен тарихына айрықша үлес қосып, ақыл-парасатымен ел есін­де қалған ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының әже­сі Зере, Домалақ ана, Ай­ша бибі, Ұмай ана, Хи­уаз Доспанова, Әлия Мол­­да­ғұлова, Мәншүк Мә­ме­­това, Томирис, Аққа­дын, Қыз Жібек, Гауһар, Күй­­ші Дина сынды қазақ хал­­қының тұлғаларының суреттері қойылды.

Ыстанбұлдың Үскідар ауданы әкімшілігі қол­дауымен өткізілген іс-ша­рада көптеген халық­аралық көрме, фестиваль, симпозиумдардың жүл­дегерлері, суретшілер Зер­­де Бақытбек, Айткүл Тас­ма­ғамбетова, Әділ­ғали Баян­дин, Қайрат Жәйір­бекұлы, Манас Қожақұлов, Нұрбек Жәрдемов, Жан­ұзақ Мүсәпірдің еңбектері ұсы­ныл­ды.

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Үскідар ауданы әкімдігінің өкілі Қазақстанның Ыс­тан­бұлдағы Бас консул­дығы мен басқа да ұйым­дастырушыларға алғысын білдіріп, аталған іс-ша­раның екі бауырлас мем­лекет арасындағы мә­де­ни-гуманитарлық ын­тымақтастықтың одан әрі нығаюына маңызды үлес қосатындығын атап өтті.