Спорт • 04 Қаңтар, 2024

Азаттың қарсыласы анықталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңілмеген отандасымыз (17-0) Азат Мақсұмның UFC промоушені аясын­дағы екінші қарсыласы анықталды.

Азаттың қарсыласы анықталды

Азат бастапқыда Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде америкалық Нейт Мэнесспен күш сынасатын болған. Бірақ Мэнесс жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартып, оның орнын отандасы Чарльз Джонсон басты.

32 жастағы Джонсон 2022 жылдың қа­ра­шасында Жалғас Жұмағұловты төре­ші­лер­дің даулы шешімімен жеңген еді. ММА-дағы Джонсон рекорды – 13-6, ал UFC-дегі нәтижесі – 2-4. Ол кейінгі үш жек­пе-жегінде қатарынан жеңіліп қалды.