Бокс • 04 Қаңтар, 2024

WBA рейтингі жаңарды

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесінде боксшылар рейтингін жариялады.

WBA рейтингі жаңарды

Аталған рейтингте Қазақстан боксшы­ларының орны аздап өзгерді. Атап айтқанда, аса ауыр салмақта Иван Дычко 15-орында қалды. Екінші орта салмақта Бек Нұр­мағанбет бір орынға түсіп, 10-орынға тұ­рақтады. Бірінші жартылай салмақта Жан­қош Тұраров рейтингке 7-орынға енді. Осы орайда Жанқоштың желтоқсанда жапон Акихиро Кондоны жеңіп, IBO және WBA Gold тұжырымдары бойынша әлем атақтарын біріктіргенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ дәл осы салмақта Батыр Жүкембаев 11-орынға көтерілді. Ол өткен айда француз Мохамед Мимунды төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Continental North Americas атағын қорғады. Бұған қоса екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 6-орыннан 5-орынға көтерілсе, Евгений Павлов 6-орында қалды.