Спорт • 04 Қаңтар, 2024

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Алтын медаль бұйырмай тұр

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің жасөспірім спортшылары биылғы жылдың басты додасына 19 қаңтарда қосылмақ. Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін жасөспірімдердің IV қысқы Олимпиадасына қатысады. Әзірге спорттың 5 түрінен 30 жолдама бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасөспірімдер Олимпиадасы: Алтын медаль бұйырмай тұр

Фото: Getty Images

19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтетін жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында алтын медаль бұйыра ма? Біздің балғын спортшыларымыз 2012 жылы Австрияның Инсбрук қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында жүлде алды. Галина Вишневская биатлоннан 1 күміс, 1 қола медаль иеленді. Шаңғы жарысынан Сергей Малышев 1 қола жүлде олжалады. 2016 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан Әнуар Махамадиев күміс медаль алды. Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева, биатлоннан  Арина Пантова, шорт-тректен Анита Нагай қола жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, 2020 жылы Швейцария елі Лозанна қаласында өткізген жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында спортшыларымыз медаль олжалай алған жоқ.

Еліміздің табиғаты қысқы спортты дамытуға сұранып тұрғанымен де, инфрақұрылымның жетімсіздігі көп жайтқа қолбайлау болып отыр. Қысқы спорттың қаншалықты дамып келе жатқанын жасөспірімдердің олжасыз қайтқанынан да аңғаруға болады.