Үкімет жиынында Мемлекет басшысының Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру аясында экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы міндеттер мен жобаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдауды нығайту мәселелері қаралды.
Бұдан басқа инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инфляцияны одан әрі төмендету жөніндегі шаралар талқыланды.