Фото: Ашық дереккөз
Мұражайдың ішіне мәдениет қайраткерінің көзі тірісінде қолына ұстаған заттары мен тарихи құнды жәдігерлер қойылған. Рәпия Халыққызының өмірлік жары Қазақ СССР Оқу-Ағарту ісінің үздігі, екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 40 жыл ұстаздық етіп бала оқытқан Ордабай Сәдібеков туралы да құнды жәдігер, тағылымды мағұлмат тамашалаушылардың назарына ұсынылды. Мұражай кабинеттің ашылуына орай ұйымдастырылған салтанатты шара барысында Ораз Әбішев түсірген «Рәпия» деректі фильмі көпшілікке көрсетілді.
Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы Кенен ауылында ашылған мұражай кабинет аудан үшін маңызы зор рухани құнды орын болғанын, өскелең ұрпақтың тарих тағылымымен сусындауына септігі тиетінін айтты.
ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев, ҚР Ғылым академиясының қауіпсіздік қызметінің басшысы, полковник Сайфутдин Шамсутдинов, Қазақстан Кітап палатасының редакторы, белгілі журналист Нұрымжан Мауыт және ардагер фотогроф Қуантқан Сапаров Рәпия Халыққызының өнегелі өмірі жайында естеліктерін бөлісті.