Фото: Polisia.kz
Ведомство «102» арнасына 29 мыңдай қоңырау түскенін айтқан, оның басым бөлігінде тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдіктер ішу, бұзақылық, мас қалыпта көлік жүргізу туралы мәлімделген.
Өткен демалыс күндері еліміз бойынша 715 қылмыс жасалған, оның 485-і «ізі суымай тұрып» ашылған. Мысалы, полицейлер 68 ұрлық пен 5 тонау және 29 бұзақылық бойынша қылмыстарды ашқан.
Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, қылмысты жедел ашу және «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру үшін тәртіп сақшылары мереке күндері күшейтілген жұмыс режимінде қызмет атқарғаны мәлім.