Хоккей • 05 Қаңтар, 2024

Жеңісті серия жалғасын тапты

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді.

Жеңісті серия жалғасын тапты

Елордалық команда бұған дейінгі үш турда жақсы ойын өрнегін көрсетіп, қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Бұл жеңісті серияның кездейсоқ емес екенін сырт алаңда дәлелдеу оңай болмағанымен, «Барыс» барын салатыны түсінікті еді. «Ло­комотив» оңай шағылатын жаңғақ емес. Ресейлік клуб 44 ойыннан кейін 63 ұпай­мен 2-орында келеді. Ал «Барыс» турнир кестесінде 45 ойыннан кейін 37 ұпаймен 19-орынға жайғасқан.

Сонымен бұл ойын өте тартысты болды. Ресейлік клубтан Александр Полунин, Александр Елесин, Александр Волков, Рушан Рафиков мергендік танытты. Ал елордалық командадан Энтони Камара екі рет көзге түсті. Ол қатарынан жеті ойын­да шайба соғып, үздік ойынымен көзге түсті. Сондай-ақ «Барыстың» пайдасына Давид Скленичка, Джозеф Лабейт шайба соқты. Осылайша, негізгі кезең 4:4 есе­бімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте елордалық клубтың жолы болды. Нәтижесінде, «Барыс» қарсыласын 5:4 есебімен жеңіп кетті. Бұл – елордалық клубтың қатарынан төртінші жеңісі.