Спорт • 05 Қаңтар, 2024

380 таңдаулы мергеннің қатысуымен лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезия астанасы Джакартада қаңтар айының 5-18 күндері аралығында нысана көздеуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткеніндей, бұл – жаңа жылдағы алғашқы лицензиялық жарыс, деп хабарлайды Egemen.kz.

380 таңдаулы мергеннің қатысуымен лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

Фото: qaz_olympics

Байрақты бәсекеде Париж олимпиадасының 16 жолдамасы сарапқа салынады, оған 29 елдің 380 таңдаулы мергені қатысады.  

Аталған дүбірлі додаға аттанған Қазақстан құрамасы сапындағы 21 спортшының 7-еуі винтовкада, 10-ы тапаншада, 4-еуі жылжымалы нысана көздеуде сынға түседі.

Әзірше еліміздің қоржынына былтыр салынған Париж олимпиадасының 3 жолдамасы (Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский) бар.

Нысана көздеуде лицензия спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53

Өндіріс дамуының өзегі

Өндіріс • Бүгін, 08:43

Шығыны аз, шығымы мол

Аймақтар • Бүгін, 08:40