Аймақтар • 07 Қаңтар, 2024

Алматы мен Түргенде 2-3 балдық жер сілкінісі болды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы мен қала маңындағы жер сілкінісін сейсмикалық станция тіркеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы мен Түргенде 2-3 балдық жер сілкінісі болды

Бүгін, 7 қаңтар Алматы уақытымен таңғы 09:10 шамасында жер сілкінді.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 55 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.3. MPV магнитудасы — 4.6.

Тереңдігі — 10 шақырымға жеткен.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында, оның ішінде Түргенде — 3 балл, Алматыда — 2 балл күші сезілді», делінген сейсмикалық стансиядағы кезекші оператордың хабарламасында.