Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан 560 адам зардап шекті. Төтенше жағдайлар қызметі 195 тұрғынды таба алмай отыр.
Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар 6 қаңтарда үйінді астынан 90 жастағы жергілікті тұрғынды алып шықты.
Айта кетейік, Жапонияда 1 қаңтар күні бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады.