Теннис • 08 Қаңтар, 2024

Жарайсың, Жібек!

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз Жібек Құламбаева Таиландтағы Нонтхабури ITF тур­нирінде жұптық сында өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Жарайсың, Жібек!

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге финалда таиландтық Ланлана Тараруди мен тай­бэйлік Чиа-И Цаомен сынға түсуі керек еді. Алайда таиландтық-тайбэйлік жұп бәсе­кеге келмей қалды да, Ж.Құламбаева мен С.Сакеллариди ойнамастан чемпион атанды. Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында ITF додасында жаңа жылдағы бірінші, спорттық жолындағы 27-титулына қол жеткізді.

Сондай-ақ бұған дейін тағы бір отан­дасымыз Анна Данилина жұптық сында топ жарды. Ол словакиялық Виктория Грунчаковамен жұптасып, Аустралияның Окленд қаласында өткен WTA турнирінде же­ңіске жетті. Олардың финалдағы қарсы­ласы америкалық Бетани Маттек-Сандс пен чехиялық Мария Бузкова болды. Қоры­тынды есеп – 6:3, 6:7, 10:8. Данилина үшін бұл – жұптық сындағы WTA-ның бесінші титулы.