Дүбірлі додада спортшылар жекелей және командалық есепте сынға түседі. Бұған Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық өңірінен теннисшілер келеді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Олар 16-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Елімізде үстел теннисінен Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко секілді спортшылар әлемдік жарыстарда бақ сынап келеді. Айта кетсек, былтыр қазақстандық Алан Құрманғалиев Амманда (Иордания) өткен турнирде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Алматыда өткен үстел теннисінен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар төрт медаль жеңіп алды. Турнирде Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Орынбасар Есімхан (Түркістан), Айназ Әділгереева (Алматы) қола жүлдегер атанды.