«Rio Tinto Group» – аустралиялық-британдық концерн, әлемдегі үшінші ірі трансұлттық тау-кен металлургиялық компаниясы. «Fortescue Metals Group» – аустралиялық темір рудасын өндіруші компания және өндірістік қуаты бойынша әлемнің төртінші ірі темір рудасын өндіруші. «Rio Tinto Group» және «Fortescue Metals Group» сияқты тау-кен компанияларының нарықтық капиталдануы 180 миллиард доллардан асады.
«45 жер қойнауы учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау құқығын алуға бағытталған аукцион 2,5 миллиард теңгеге жуық қолтаңба бонусымен аяқталды, бұл стратегиялық маңызды аумақтарға қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді. Шетелдік ірі компаниялардың қатысуы олардың жаһандық бәсекелестікке деген ұмтылысын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар аймақтағы барлау құқығы үшін күрестегі үлесті арттырады», деп хабарлады министрлік.
Мемлекет басшысы Жолдауда Үкімет алдына 2026 жылға қарай зерттелетін аумақты 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін ұлғайту жөнінде міндеттер қойған еді. Бұл биік бастамалар елдің экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Геологиялық барлауды кеңейту ел үшін ресурстарды өндіруде, жұмыс орындарын құруда, отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыруда жаңа перспективалар ашады.
Әлемдік нарыққа ірі ойыншылардың сәтті тартылуы Қазақстанның әлемдік аренадағы беделі артып келе жатқанын көрсетеді және шетелдік инвестициялардың келуіне ықпал етеді.